АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Алматы облысы Талғар ауданында дәстүрлі «Жігер» Республикалық әскери-патриоттық лагері өтті. Республикалық лагерьдің салтанатты ашылуында ҚР ҚК Құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Әубакіров Қаныш Асанханұлы қатысты. Осы лагерге еліміздің 14 облысы мен Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан арнайы іріктеліп алынған әскери-патриоттық клуб жетекшілері мен үздік жас сарбаздар қатысты. Ақмола облысынан «Айбын» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Сагидолда Орынбек Мамиұлы мен екі клуб тәрбиеленушілері Хамархан Жетпіс, Орынтай Сандуғаш қатысты. Лагерь барысында жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасу жолында арнайы тренинг,семинарлар ұйымдастырылды. Арнайы шақырылған қонақтардың арасында Асыл Арна телерадио компаниясының бас директоры ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мухамеджан Тазабек, аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы, Еуразияның екі дүркін чемпионы, әлем кубогының иегері Ардақ Назаров қатысты. Жиынның соңғы күні Алматы қаласындағы ҚР ҚК Құрлық әскери институтында «Жігер» республикалық әскери-патриоттық лагерінің қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдалым өтті. Қоғамдық тыңдалымға ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Қадыржанұлы Таласов, ҚР ғылым және білім министрлігінен Мектепке дейінгі және орта білім беру департамент директоры Маусымбаева Айнұр Толқынқызы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы Жастар және отбасы бөлімінің басшысы Құдайбергенов Орынбасар Қуатұлы, «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, Алматы студенттер альянсы КҚ атқарушы директоры және партия өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар қатысты. Қоғамдық тыңдалым барысында «Жігер» республикалық лагерінің жұмысына есеп беріліп, жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбие беру бойынша жұмыстар талқыланды. Нақты ұсыныстар айтылып, мемлекеттік орган өкілдеріне сұрақтар қойылды.