Текст
Бүгін колледждің 1-курс студенттері, Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының кеңесшісі - Жұмабеков Аслан және колледждің жастар саясатын ұйымдастырушы педагог – Құсайын Мәдинаның ұйымдастыруымен өткен, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты интеллектуалдық ойынға қатысты. «Жастар» және «Жігер» болып бөлінген екі топ өзара жарысқа түсіп, 4 айналымнан тұрған ойын барысында студенттер өздерінің «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбындағы білімдерін, көрсете алды. Ұжымдық шешім қабылдау, күрделі әлеуметтік құбылыстарды талдау, оларды дұрыс бағалай алатын дәрежелерін көрсеткен «Жігер» тобы жеңіске жетіп, Жастар ресурстық орталығының атынан кішігірім сыйлықтармен марапатталды