08.04.2022
2022 жылдың 7 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жатақханасында Халықаралық денсаулық сақтау күніне орай «Ұстанымымыз – салауатты өмір салты» атты дөңгелек үстел өтті. Студенттерге салауатты өмір салтын ұстану ережелері мен денсаулықты бұзатын зиянды әрекеттерден аулақ болу туралы ақпарат айтылды. Дөңгелек үстел барысында колледж медбикесі Хасенова Жұмабике Қапарқызы зиянды әдеттердің жағымсыз салдары туралы түсінік берсе, ақ халатты абзал жан Нұрғалиева Ләйлә Еслямқызы денсаулық үшін дұрыс тамақтанудың маңызды екендігін айтты, жадынама таратылды. Жатақхана тәрбиешісі Сандуғаш Болатқанқызы салауатты өмір салтын ұстану үшін студенттерді спортпен жүйелі түрде айналысуға, таза ауада серуендеп, тазалықты сақтауға шақырды.