АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жыл 26 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде дәстүрлі түрде колледж директорының практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.С.Мұқышеваның ұйымдастыруымен «Түлектер жәрмеңкесі» өтті. Жәрмеңкенің мақсаты – 7 мамандық бойынша оқуды тәмамдап кәсіби маман атанатын колледж түлектерін өз мамандықтары бойынша жұмыспен қамтамасыз ету. Жәрмеңкеге Астана қаласынан №54 мектеп-лицейі, Астана қаласы білім басқармасы, СҚО., Тайынша ауданың мектеп басшыларымен балабақша меңгерушілері келіп қатысты. Ақмола облысы бойынша Астрахан, Бұланды, Егіндікөл, Біржан сал аудандарының мектеп директорлары, меңгерушілері, бас мамандары келді. Колледжде оқытылып жатқан мамандықтар бойынша информатика, шетел тілі, бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім беру мамандарына сұрас көп болды. Жәрмеңке екі бөлімнен тұрды І бөлімінде аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мектеп, балабақша басшыларының колледж түлектерімен жалпы кездесуі өтсе, ІІ бөлімінде жеке дәсірханаларда әр мамандық бойынша жұмыс берушілер бітірушілермен сұхбаттасып, кадрлық резервтерін толықтыру мүмкіншілігіне ие болса, бітірушілер жұмыс берушілердің жас мамандарға деген талаптарымен танысып, оларға өздерінің түйіндемелерін ұсынды. Жәрмеңкенің алғашқы бөлімінде алғы сөз колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты Н.Ахатқа берілді. Директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева түлектер туралы статистикалық ақпаратпен таныстырып өтті. Бітіруші топтардың арасынан 4 жыл ішінде қалалық, облыстық, республикалық, Халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған студенттер өз жетістіктері бойынша сөз сөйледі. СҚО., Тайынша ауданы, мәдениет негізгі мектептің басшысы Мажинов Бауыржан Зейедденұлы, Ақмола облысы, Біржансал ауданы, Еңбекшілдер орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Нұржасарова Айнагүл Мейрамбековна, Көкшетау қаласы, жұмыспен қамту орталығының бас маманы Сүлейменова Риза Жомартқызы, «Әулет» мектептен тыс орталығының әдіскері Халелова Гүлнар Хафизқызы сөз сөйлеп, түлектерді жұмысқа шақырып егеменді еліміздің бәскеге қабілетті маман болуларын тіледі. Түлектер жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті.