«KazRoboSport» – 2019 байқауы Қазақстандағы робототехникаларды дамыту бағдарламасының бір бөлігі негізінде «КазРоботикс» федерациясының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Байқау екі кезеңнен тұрды 1.Облыстық кезең. 2. Республикалық кезең. Республикалық кезеңге І орын алған қатысушылар ғана шақырылды. Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасында робототехниканы танымал ету, жастар арасында инженерлік және ғылыми-техникалық, шығармашылық бағытты дамыту, инновация және жоғары технологиялар саласында балалар мен жастарды ынталандыру және қызықтыру, дарынды жастарды анықтау, іріктеу және қолдау көрсету. «КазРобоСпорт» Чемпионаты – командалық байқау. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің информатика бөлімінен оқытушылары Т.С.Сағындық, Р.Қ.Здуалиевтің жетекшілігімен жалпы 4 команда қатысты. Қатысушылардың ішінен Уканова Алина Кайргельдиновна, Шаяхмет Айғаным Саматқызы жүлделі ІІІ орынды иеленді. «KazRoboSport» – 2019 байқауының қорытындысы бойынша барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.