АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 1 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Мукушева Қаракөз Серікқызы және әдіскер Қажақпар Айгерім Ермекқызының ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушылары Мусин Лайс Қапезұлы мен Шахманова Гүлшат Шамелқызы оқу орны, сондай-ақ ондағы мамандықтар, көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет берді. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының оқытушысы Кенжебек Дінмұхамед Қанатбекұлы мен «Заңтану» мамандығының ІІІ курс студенті Аскаров Досжан Қайратұлы білім ордасындағы ерекшеліктер мен басымдықтарын атап көрсетті. Колледждегі барлық мамандықтың ІV курс студенттері айтылған ақпараттарды мұқият тыңдады. Университет мамандары оқу орны туралы презентация, мамандықтар туралы бейнефильм көрсетті. Студенттер тарапынан қойылған түрлі сұраққа жауап беріп, қызығушылығын арттырды.