26.03.2019
Белгілі бір пәннен ең үздік білім көрсетіп, жетістікке қол жеткізген студент биік шыңнан көрінеді дегенді айқындайтын пәндік олимпиадалар күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. «Urker mitec» интеллектуалды орталықтың ұйымдастыруымен 11-15 ақпан аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Ұлы дала жастары» атты республикалық олимпиадасына белсене қатысқаны үшін информатика бөлімінің 1 курс студенті Жұмабек Жансая ІІ дәрежелі, Куанышева Зарина, Аманжолқызы Жанна ІІІ дәрежелі дипломмен, сондай-ақ 1 және 3 курс студенттері Ахметов Тамерлан, Жумабаев Болат, Ероль Молдир, Ханнат Айсулу, Агзамова Аида, Жаксылыкова Жулдыз, Орал Диляра, Марат Үмм Гүлсім мақтау қағаздары, сертификаттармен марапатталды. Алдағы уақытта студенттерімізден жоғары нәтижелер күтеміз.