Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту МД-41 тобының бақылау және байқау практикасының конференциясы өтті. Конференцияға директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева, колледж әдіскері Р.Ибраева және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің оқытушылары қатысты. Конференцияның мақсаты – студенттердің бақылау және байқау практикасы барысында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісу. Осы мақсатта мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің МД-41 тобының студенттері 14-23 ақпан аралығында қаладағы № 12 «Мерей», №4 «Еркемай» балабақшасында практикадан өтіп, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Бақылау және байқау практикасында жинақталған іс-тәжірибе бойынша көрме ұйымдастырылды. Студенттер үлгі сабақтар берді. Директордың практика жұмысы орынбасары Қ.Мұқышева қорытынды сөз сөйлеу барысында конференцияның өте жоғары деңгейде өткендігін айтып, әдіскерлерге алғысын білдірді.