04.03.2022
2022 жылдың 4 наурыз күні кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Информатика» бөлімінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінде LEGO MINDSTORMS Education EV3 бағдарламалық жасақтамасы бойынша 9-сынып оқушыларына практикалық семинар ұйымдастырылды. Шара барысында колледждегі «Информатика» бөлімі жайында бейнефильм көрсетіліп, мамандықтар мен біліктіліктерге қатысты толық ақпарат ұсынылды. Тәрбие жұмысы негізінде ұйымдастырылатын элективті курстар, үйірмелер де назардан тыс қалмады. Кері байланыс орнатылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.