Текст
2022 жылдың 1 наурыз күні «Ашық жүрек» еріктілер клубы Алғыс айту күніне орай қалалық саябақта кішкентай балғындарға тәттілер таратып, керемет көңіл күй сыйлады. Қуанған балалардың жүздері жадырап, мәз болып жатты. Еріктілердің қоғамдағы орны айтарлықтай ерекше. Олар жақсылық жасап, өзгенің алғысына бөленуге мүмкіндік алады. Яғни еріктілік сіздің рухани қазынаңызды байыта түсіп, өн бойыңыздағы адамгершілік қасиетіңізді арттыруға сеп болады.