Текст
2022 жылдың 28 қаңтар күні «Студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында студенттер арасындағы онлайн облыстық пікір-сайыс турнирі өтті. Ақжолтай хабар! Аталмыш ұтқырлар сайысында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Парасат» дебат клубының мүшелерінен құралған «Ғасыр перзенттері» атты топ жеңіске жетті. Ойын нақты, анық жеткізген сөз майталмандары Омашова Ұлжан мен Жамилахын Ілиясты І орын иеленгенімен шын жүректен құттықтаймыз!!! Сондай-ақ «Рухты ұрпақ» тобының мүшесі Құмарбек Исламбек «Үздік спикер» атанды. Тіл білгірлеріне жетекшілік еткен Қайырбай Айым Маралбекқызына Алғыс хат табыс етілді. Жүлдегерлерге шығармашылық табыс пен кәсіби өрлеу тілейміз!