14.02.2022
2022 жылдың 11 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 33 жыл толуына орай Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп, «Ауғанның отты жалыны» атты іс-шара өткізді. Аталмыш шара Көкшетау қаласының Әскери-техникалық мектебінде ұйымдастырылды. Онда Ауған соғысы ардагерлеріне айрықша құрмет көрсетілді. Ерліктері елге аян батырлар жас буынмен кездесіп, сұрапыл жылдардағы естеліктерімен бөлісті. Іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасында құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері де қатысты. Олар Әскери-техникалық мектепті аралап, курсанттардың үй-жайымен танысты. Сол кезде қолданылған қару-жарақтарды көзбен көріп, ардагерлерден өздеріне қызықтырған сұрақтарына жауап алды.