Текст
2022 жылдың 25 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде орыс тілі пәнінің оқытушылары Жабагинова Майра Қанапияқызы мен Абилькасимова Алия Екпінқызы «Болашақтың мамандығын таңдау – өз қолыңда!» тақырыбында «Zoom» конференциясын өткізді. Бұл кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес Көкшетау қаласының №22 жалпы орта білім беретін орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болып, белсенділік танытты.