05.11.2021
2021 жылдың 5 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатындағы бәсеке қарқын алды. Білім бәйгесінде оза шапқысы келетін жас таланттар бірінен-бірі дес берер емес. Кезекті сайыста қатысушылар «Виртуалды турды рухани-адамгершілік, эстетикалық, экологиялық бағыттар бойынша дайындау және өткізу» D Модулі бойынша бақ сынауда. Бұл кезеңде дарынды жастар өз жұмыстарын ағылшын тілінде қорғап жатыр. Бұл олардың жан-жақты дамуына кепілдік береді.