АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауы

31.10.2021
2021 жылдың 29 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі өнер ұжымының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған және «Көкшетау – Қазақстанның мәдени астанасы» жобасы аясында «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан!» атты «Ақмола жұлдыздары» көркемөнерпаздар байқауы өтті. Өнер бәйгесінің қатысушылары Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахнасында бақ сынасты. Ең әуелі, «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» прологымен «Мерей» би ансамблі және өнерлі студенттер жүректері қазақ деп соққан ержүрек батырлардың образын бейнеледі. Олардың ел үшін күрескен шайқасын көрсетіп, Тәуелсіздіктің символы ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көкке көтереді. Одан әрі Біржан салдың «Айтбайымен» Аслан Мұхамедияр және Жарылғапбердінің «Топайкөгімен» Әділ Құсайын көрермендердің құлақ құрышын қандырды. Олар сахнада қазақилықтың иісін аңқытып, көрерменнің бойына ерекше рухты оята білді. «Назерке» халықтық-камералық хоры ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Құрмет Сақайдың әнін әуелете орындаса, «Ақ қауырсын» поэзия клубы мәнерлетіп өлең оқыды. Сондай-ақ сахнада «Мерей» би ансамблі мың бұралса, «Шабыт» домбырашылар ансамблі мен «Этюд» баянистер ансамблі аспаптар үнін күмбірлетті. «Жас дәурен» триосы, домбырашылар дуэті, «Көксеңгір» ұлттық аспаптар ансамблі, «Наркескен» ер балалар хоры және «Аруназ» дуэті көрермен көзайымына айналды. Ұлтай Нұраддинқызы мен Медет Өмірбекұлының әсем әні кештің сәнін одан әрі аша түсті. «Самғау» біріккен хорының сазды үні аталмыш байқаудың нүктесін қойды. Білім ордасындағы өнер ұжымының өнеріне Көкшетау қалалық «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауындағы қазылар алқасының төрайымы Уразбаева Күнім Әбдісалыққызы жоғары баға берді. Бұл мадақтау сөз Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлының жылы лебізімен ұласты. Айта кету керек, бұл байқаудан іріктелген таланттар облыстық кезеңде өнер көрсетеді.
Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст