АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Ежелгі әшекейлер» тақырыбында шеберлік сабақ

23.10.2021
Ағымдағы жылдың 22 қазаны күні Көкшетау қаласы, «физика-математика» бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 4 «в» сыныбында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің кешенді білім беру бағдарламасы аясында көркем еңбек пәнінің оқытушысы, Әміржанова Гүлмира Қайыржанқызы және Кенесарина Диана Серікқызының бірлесе ұйымдастыруымен бастауыш мектеп бөлімі 4 курс студенттерінің қатысып, жүргізуімен «Ежелгі әшекейлер» тақырыбында WorldSkills стандартына негізделген шеберлік сабағы өтті. Мақсаты – оқыту мен оқу процесінде жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімділігін, көркем еңбек сабақтарында қолдану әдістерін көрсете отырып, бітіруші топ студенттерінің кәсіби құзіреттілігінің қалыптасуына ықпал жасау. Шеберлік сабағы барысында «4 сурет – 1 сөз», «Аяқталмаған сөйлем» әдістері тиімді қолданылды. Оқушылар «Білезік», «Тұмар», «Алқа» үш топқа бөлініп, киізден моншақ жасау және бір бұйым жинақтау, киізден моншақ жасап, фурнитура қосып, бір бұйым құрастыру, киіздің екі түрін ролл-рулет тәрізді орау және креативті дизайн түрін жинақтау арқылы оқушылар ерекше белсенділікпен жұмыс жасады. Оқушылардың жұмыс жасауы барысында қауіпсіздік-техникалық ережелер талапқа сай қолданылды. Шеберлік сабақ өте қызықты, әсерлі, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст