АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне жыл сайын мұғалім мамандығын таңдап, кәсіби білім алу мақсатында қабылданған ер балалардың саны артуда. Колледжде 300-ге тарта ер балалар болса, биылғы оқу жылында 91 ер бала студент қатарына қабылданған болатын. Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні колледжіміздің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ПҒА академигі – Ахат Нұртас Ахатұлымен колледж ер балаларының кездесуі өтті. Колледжіміздің өзіндік ерекшелігі – оқу орнындағы ер балалар тәрбиесіне ерекше назар аударуында. Осы орайда студенттер колледждің ұл балаларға арналған Студенттер Жарғысы, Колледж студенттерінің Ар-намыс кодексімен, ережелермен таныстырылды. Ер балалар ер-азаматтармен оқу процесі кезінде немесе оқудан тыс уақытта да оң қолын кеудесіне қойып, «Армысыз!» деп, ал әйел оқытушылармен «Сәлеметсіз бе!» деп амандасуы дәстүрге айналғандығы ескертіліп айтылды. Қазіргі таңда тәрбие жұмысының бір бөлшегі ретінде «Айбын» әскери-патриоттық клубы жұмыс атқарады. Кездесу барысында «Айбын» әскери-патриоттық клубы туралы бейнефильм көрсетілді. 2011 жылдың 11 қыркүйегінде құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубтың мүшелері мықты қолбасшысының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Клуб жыл сайын өтетін қалалық, облыстық, республикалық әскери-патриоттық сайыстарда жүлделі орындар иеленіп келетіндігі айтылып, ер балаларды өз елінің патриоты болуға шақырады.
Студенттердің спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында сабақтан тыс уақытта колледжде дене тәрбиесі пәні оқытушыларының жетекшілігімен спорттық секциялар мен үйірмелер өз жұмыстарын атқаратындығы мәлімделді. «Рахат» волейбол клубы, «Барыс» баскетбол клубы «Жұмбақтас» туризм клубы, «Бес асық» ұлттық ойындар клубы, «Жарқын» футбол клубы, «Пинг-Понг» үстел теннис клубы, «Мерген» атқыштар клубы, сонымен қатар «Energy» фитнес залы жұмыс істейтіндігі және колледжіміз салауатты өмір салтына бағытталған тәрбие жұмыстарын жүргізетіндігін айтты. «Сұңқар», «Кезең», «Жігер» спартакиадаларынан колледж спортшылары жүлделі І орын иеленіп жүргендігін, сол ізгі істі ары қарай жалғастыратындығы міндеттелді.
«Ар-намыс» саяси-интеллектуалды даму мектебі – ел ішіндегі және әлемде болып жатқан геосаяси жағдайларды ашық талқылайтын жастар ортасының жұмысымен таныстырылып, клуб мүшелерінің кез келген саяси тақырыптарда тартынбай сөйлейтіндігі, өз ой-пікірін ашық түрде ортаға сала алатындығы баяндалды. Оған қоса «Парасат» дебат клубы да саяси, қоғамдық мәселелерді ашық түрде талқылау мақсатында жұмыс жасайтындығы сөз етілді.