06.09.2021
Қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келетін тілдер мерекесі білім ордасында ерекше ықыласпен тойланды. Филология бөлімінің оқытушылары М.Қ.Жабагинова, А.М.Қайырбайдың ұйымдастыруымен өткен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты әдеби-сазды кеште ФБ-31, ФБ-41 топтары өз өнерлерін ортаға салды. Абай алаңында өткен мерекелік шараға Филология бөлімінің оқытушылары, студенттері қатысып, колледж әдіскері М.Тұрлыбекқызы болашақ тіл мамандарына арнап құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік кеште айтылған арнау өлеңдер, жыр шашулар, А.Байтұрсынұлының мысалдарынан сахналанған қойылым көпшіліктің көңілінен шықты.
№104 А.Байтұрсынұлы атындағы лингво-ресурстық орталығында қазақ тілі пәнінің оқытушылары Т.М.Жоламанова, А.С.Рахимованың ұйымдастыруымен «Қызықты қазақ тілі әлемі» зияткерлік ойыны өтті. «Кім білгір», «Бәйге», «Жұмбақты шеш», «Өлең – сөздің патшасы» атты 4 кезеңнен тұратын зияткерлік ойынға 6 студент қатысып, білімдерін сарапқа салды. Студенттердің тапқырлығын сынау, білімдері мен біліктіліктері арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқыр ойлау қабілеттерін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу мақсатында өткізілген сайыстың қорытындысы бойынша І орынды ФБ-21 тобының студенті Долданов Жалғас, ІІ орын ФБ-21 тобының студенті Жүсіпбекова Дариға, ІІІ орын ФБ-11 тобының студенті Өміртай Фариза иеленді.