21.05.2026
Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына сәйкес өскелең ұрпақ арасында Бауыржан Момышұлына арналған бірыңғай Адалдық сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың бойына адалдық, әділдік, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Тәрбие сағатында студенттерге «Бауыржан Момышұлы: ар-намыс пен ерлік — батырлықтың белгісі» тақырыбындағы бейнематериал көрсетіліп, батырдың өмір жолы, ерлігі, патриоттық келбеті мен адамгершілік ұстанымдары туралы кеңінен ақпарат берілді.