АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«WORLDSKILLS AQMOLA – 2026» АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ

16.04.2026

2026 жылдың 15–16 сәуір күндері Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша «WORLDSKILLS AQMOLA – 2026» аймақтық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Аймақтық кәсіби шеберлік байқауында қатысушылар «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша келесі модульдерде тапсырмалар орындады:
А модулі. 2-сыныптағы бір оқу пәні бойынша («Қазақ тілі»/«Орыс тілі», «Математика», «Жаратылыстану», «Дүниетану») жаңа білімді ашу кезеңіне арналған сабақ фрагментін әзірлеу, әдістемелік сүйемелдеу және өткізу (интерактивті жабдықты қолдана отырып).
В модулі. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, тәрбие жұмысының бір бағыты (эстетикалық, экологиялық, адамгершілік тәрбиесі) бойынша сыныптан тыс іс-шараны әзірлеу және өткізу.
С модулі. Тәрбие бағыты бойынша білім алушылардың жобалық-зерттеу қызметін ұйымдастыруға арналған жоба паспортының жобасын әзірлеу және таныстыру (интернетсіз).
Байқау қатысушылары чемпионат барысында кәсіби дағдыларын көрсетіп, ережеге сәйкес белгіленген регламент аясында арнайы тапсырмаларды орындады.
А модулі бойынша жаңа білімді ашу кезеңіне арналған сабақ Көкшетау қаласындағы №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушыларына өткізілді.
В және С модульдері колледж қабырғасында ұйымдастырылды.
Аймақтық кәсіби шеберлік байқауында қатысушыларды сарапшы-компатриоттар мен қала мектептерінен тартылған тәуелсіз сарапшылар арнайы критерийлер негізінде бағалады.
Чемпионат қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар «WORLDSKILLS AQMOLA – 2026» аймақтық байқауының салтанатты жабылу рәсімінде марапатталады.

Просмотров: 218


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст