Текст
15.04.2026
2026 жылдың 15 сәуір күні «WORLDSKILLS AQMOLA – 2026» аймақтық кәсіби шеберлік байқауының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша кезеңі ұйымдастырылды.
В модулі аясында «Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамыту және денсаулығын нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» тапсырмасы өтті.
Қатысушылар берілген тапсырмаларды орындап, таңғы жаттығу кешенін көрсетті.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! ✨