АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ – НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ НЕГІЗІ» тақырыбындағы шеберлік сыныбы

27.03.2021
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні «Табысты түлек» жобасы аясында «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім негізі» тақырыбында ағылшын бөлімінің түлектерінің қатысуымен шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Шеберлік сыныптың негізгі мақсаты – ағылшын тілін оқыту саласында еңбек етіп жүрген түлектердің кәсіби тәжірибесімен бөлісу арқылы тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін және заманауи педагогикалық технологияларды тәжірибе жүзінде көрсету, ұстаздық шеберлікті жетілдіру және жас мамандардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Шеберлік сынып жұмысына Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері, шетел тілі кафедрасының педагог-мамандары мен колледж студенттері қатысты.
№20 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Уайс Нұртай «Ағылшын тілі сабақтарында сөйлеу және оқу дағдыларын қалыптастырудың негізгі әдістері» тақырыбында қызықты жаттығулар өткізді. Ал Көкшетау қаласы №17 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Жұмадилова Ахмарал Марғұланқызы «Improving speaking skills in English lessons through semantic (meaningful) reading techniques» тақырыбында тапсырмалар ұсынды.
Көкшетау қаласы №12 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Жүсіпова Айжан Боранбаевна «Artificial intelligence – teacher’s digital assistant» тақырыбында ағылшын тілі сабақтарында тиімді қолдануға болатын Merge Cube қосымшасын таныстырып, оның мүмкіндіктерін демонстрациялады.
Көкшетау қаласындағы Dostyq School мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Маукаева Айдана Қуанышбаевна «Effective reading strategies» тақырыбында оқылым дағдысын тиімді дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді көрсетті.
Сонымен қатар, шеберлік сынып барысында ағылшын бөлімінің IV курс студенттері тренингтер мен сергіту сәттерін өткізді.
Шеберлік сынып нәтижесінде ағылшын тілін оқыту саласындағы тиімді әдіс-тәсілдер талқыланып, тәжірибе жүзінде көрсетілді. Түлектер арасында кәсіби тәжірибе алмасу жүзеге асып, педагогикалық шеберлік деңгейі артты.
Шара соңында шеберлік сынып қатысушылары сертификаттармен марапатталды.
Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст