АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ТАБЫСТЫ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ БӨЛІМ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ

27.02.2026

2026 жылдың 27 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2025–2026 оқу жылының кешенді білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Табысты түлек» жобасы аясында бастауыш бөлім түлектерінің шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Іс-шара «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы негізінде «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.
Шеберлік сыныбы бастауыш білім беру саласында еңбек етіп жүрген колледж түлектері, колледж педагогтері мен студенттері арасында кәсіби тәжірибе алмасу үшін өткізілді.
Негізгі мақсаты – бастауыш білім беру саласында еңбек етіп жүрген колледж түлектерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісу арқылы заманауи педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдістерді практика жүзінде тиімді қолдану жолдарын көрсету, ұстаздық шеберлікті арттыру және жас мамандардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Колледж қабырғасында «Jobaland» үйірмесінің жұмысы таныстырылды. Аталған жоба – «Мұрагер 2.0» бағдарламасының грантын жеңіп алған әріптесіміз Ауенова Гүлмира Зинулловнаның бастамасы.
Кездесу барысында ол үйірме жұмысының ерекшеліктерін таныстырып, STEM бағытындағы тәжірибесімен бөлісті. Оқушылармен жүргізілетін жобалық жұмыстардың тиімді жолдары көрсетіліп, нақты нәтижелері ұсынылды.
Сонымен қатар, әріптесіміз қатысушыларды осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге және тәжірибе алмасуға шақырды.

#chevronkazakhstan #caravanofknowledge #steam

Просмотров: 394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст