АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША КОЛЛЕДЖІШІЛІК ОЛИМПИАДА

27.02.2026

2026 жылдың 26 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жанындағы «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен №514 бұйрыққа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының I курс студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша колледжішілік «Қазақстан тарихы» пәнінен олимпиада өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің білім деңгейін анықтау, дарынды жастарды қолдау және облыстық кезеңге үздіктерді іріктеу.
Олимпиаданың ашылу салтанатында колледж директоры Елеушова Мендігүл Жабайқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, білім сайысында жоғары нәтижелер көрсетуге шақырды. Олимпиадаға әр бөлімнен екі студенттен қатысып, өзара білім бәйгесіне түсті.
Олимпиада ережесі бойынша екі кезеңнен тұрды:
I кезең – тестілеу.
40 тапсырмадан құралды.
II кезең – эссе жазу.
1 тақырып бойынша 5 сұрақ беріліп, қатысушылар тарихи эссе жазды.
Әр сұрақ 10 балмен бағаланды.
Максималды ұпай – 50 балл.
Орындау уақыты – 150 минут.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада қорытындысында жеңімпаз атанған – Музыка бөлімінің студенті Боранбай Ақдидар.
Жетекшісі – тарих пәнінің оқытушысы Сексенова Дильназ Ерболатқызы.

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст