АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«КҮН БІЗДЕН НЕЛІКТЕН АЛЫС ОРНАЛАСҚАН?» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҮЛГІ САБАҚ

24.02.2026

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің бастауыш бөлімінің БМ-41 тобының студенті Ерденова Дильназ Армановна дипломалды практика аясында Көкшетау қаласындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде жоспарға сәйкес 2026 жылғы 23 ақпан күні 2 «Б» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Күн бізден неліктен алыс орналасқан?» тақырыбында үлгі сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: ғарыштағы арақашықтық пен уақыттың ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру; жұлдыздардың байланысы мен атауларын меңгерту; телескоп құралымен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында тақырыпқа байланысты және өткен сабақты пысықтау мақсатында «Қолшатыр» әдісі, психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Өзіңе керегіңді ал!» әдісі қолданылды. Сонымен қатар, заман талабына сай жасанды интеллект негізінде дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, «Educaplay.com» және «Wordwall» платформаларында әзірленген ойын түрлері ұйымдастырылды.

Әр оқушының білімін жеке бағалау мақсатында «Домбыра» әдісі қолданылды. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылардың тақырыпты жоғары деңгейде меңгергені және сабақтың қызықты өткендігі анықталды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, берілген тапсырмаларды толық орындады.

Просмотров: 186

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст