АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«БАЛАЛАРДЫ ҚЫСҚЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘЛІМГЕР МЕН ЖАС МАМАННЫҢ ДУЭТ-САБАҒЫ

03.02.2026

2026 жылғы 03 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде тәжірибелі ұстаз Мукушева Нұргүл Серікқызы мен жас маман Сексенова Дильназ Ерболатовнаның дуэт-сабағы өтті. 
Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға қысқы табиғат құбылыстары туралы түсінік беру, ойын, көрнекілік және практикалық әдістер арқылы оқу үдерісін қызықты әрі тиімді ұйымдастыру.
Дуэт-сабақ барысында тәлімгердің әдістемелік тәжірибесі мен жас маманның заманауи педагогикалық тәсілдерді қолданудағы ізденісі өзара үйлесім тапты. Сабақта ойын әдістері, топтық жұмыс, сергіту сәттері, суретпен жұмыс, сұрақ-жауап және интерактивті тапсырмалар кеңінен қолданылды. Бұл өз кезегінде студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік берді.
Сабақ құрылымы жүйелі жоспарланып, әр кезең өз мақсатына сай ұйымдастырылды. Қысқы табиғатты таныстыру барысында студенттердің жас ерекшеліктері ескеріліп, тілдік қорын дамытуға, қоршаған ортаны сезіне білуге бағытталған тапсырмалар ұсынылды. LearningApps платформасы арқылы кері байланыс ұйымдастырылып, білім алушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі анықталды.
Дуэт-сабақ – педагогикалық тәжірибе алмасудың тиімді үлгісі. Мұндай сабақтар жас маманның кәсіби қалыптасуына, ал тәжірибелі ұстаздың жаңашылдыққа ұмтылуына серпін береді. Ұрпақтар сабақтастығы арқылы білім сапасын арттыру – бүгінгі білім беру жүйесінің маңызды бағыты.

Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст