АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАРДАН ПРАКТИКАҒА: БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ БЕС НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІ» АТТЫ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

30.01.2026

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Көкшетау қаласындағы «Айша» бөбекжайында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында білім алатын студенттер педагогикалық практика аясында тәжірибе жинақтауда. Практиканың мақсаты – болашақ мамандарды мектепке дейінгі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттармен, оқу-әдістемелік материалдармен және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қойылатын талаптармен таныстыру, сондай-ақ мектепке дейінгі кезеңдегі бес негізгі құзыреттілікті диагностикалау әдістерін меңгерту.
Практика әдіскері Г. Балдыкова мен «Айша» бөбекжайы әдіскерлері М. Бахытжан және Ә. Қырданованың ұйымдастыруымен «Нормативтік талаптардан практикаға: білім беру бағдарламаларын әзірлеу және мектепке дейінгі кезеңдегі бес негізгі құзыреттілікті диагностикалау әдістері» тақырыбында студенттерге арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында бөбекжай меңгерушісі Г. Сексенова балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі аспектілеріне тоқталды. Әдіскер М. Бахытжан нормативтік құжаттар мен педагогтердің міндетті құжаттамаларын таныстырды. Тәрбиешілер И. Баязитова, А. Нукиева және Л. Макатова перспективалық жоспар, циклограмма құру, мониторинг жүргізу және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу жолдары жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, балалардың эмоционалдық және физикалық жайлылығы, дамытушы орта қалыптастырудың маңыздылығы талқыланып, студенттер мектепке дейінгі ұйым мамандарымен тәжірибе алмасты.

Просмотров: 107


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст