АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Кәсіптік бағдар беру – болашақтың бастауы» атты ашық есік күні

30.11.2020

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Мектепке дейінгі бөлімнің ұйымдастырумен кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес Көкшетау қаласындағы Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 9 «б», 9 «г» сынып оқушыларының мамандықты дұрыс таңдау жасауына бағыт беру мақсатында ZOOM платформасы арқылы «Кәсіптік бағдар беру – болашақтың бастауы» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Кездесу барысында колледж жайында бейнефильм көрсетіліп, мамандықтар бойынша толық ақпарат берілді. Оқу орнымыздағы тәрбие жұмысы негізінде ұйымдастырылатын элективті курстар, үйірмелер туралы ақпарат берілді. Кері байланыс орнатылып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шараға директордың практика бойынша орынбасары Қ.С.Мұқышева, мектепке дейінгі бөлім меңгерушісі С.А.Әмірова және жеке пәндер оқытушысы Г.Т.Балдыкова, аталған мектептен 19 оқушы және сынып жетекшілері Д.М.Каиыржанова, У.Е.Қайыржанов қатысты.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 30.11.2020 10:55
Құрылған күні: 30.11.2020 10:57

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст