АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ – МАҢЫЗДЫ ІС

21.01.2026

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында №13 ЭКОС мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының маңызды мәселелерінің бірі – колледж өкілдерінің білім алушылар мен ата-аналарды техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруы болды.
Ата-аналар жиналысына Музыка бөлімі меңгерушісі Әсел Ғалымқызы Шайрахметова, Ағылшын тілі бөлімі меңгерушісі Айсара Жанатқызы Каппас, Филология кафедрасының жетекшісі Жәнібек Бердімұратұлы және информатика пәнінің оқытушысы Досай Жұмаханұлы Өтепбай қатысып, колледж бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарын таныстырды.
Кездесу барысында ата-аналарға колледжде оқытылатын мамандықтар мен оқуға түсу талаптары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ бейнебаян көрсетіліп, ақпарат ұсынылды, ата-аналарға колледж туралы таратпалы материалдар таратылды.
Ата-аналардың оқуға түсу және құжат тапсыруға қатысты туындаған сұрақтарына толық әрі нақты жауап берілді.

Просмотров: 143


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст