22.01.2026
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Л-31 ҚБ тобында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!», «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыптарында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім алушылар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді плакаттар арқылы бейнелеп, өз көзқарастарын ашық білдірді.
Сонымен қатар тақырыпқа сай интерактивті ойындар ұйымдастырылып, студенттердің белсенділігі арттырылды. Тәрбие сағаты пікір алмасу форматында өтіп, білім алушылар адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік сияқты маңызды құндылықтар жөнінде ой бөлісті.
Аталған іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталды.
Топ жетекшісі: Өтепбай Жансая Қанатқызы