АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ТӘЖІРИБЕ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ ТОҒЫСЫ» АТТЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ РИНГ

09.01.2026
2026 жылғы 8 қаңтар күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Тәжірибе мен жаңашылдық тоғысы» тақырыбында педагогикалық ринг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — колледжде тәлімгерлік институтты дамыту, жас педагогтердің кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету, педагогтердің шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін арттыру.
Ринг барысында педагогтер кәсіби тәжірибе алмасып, дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерін үйлестірудің тиімді тәсілдерін талқылады. Іс-шараға тәлімгер–жас педагог тандемінен құралған 7 команда қатысты.
Бағдарлама 4 кезеңнен тұрды:
1️⃣ «Мен – ұстазбын!» — команда таныстырылымы
2️⃣ «Педагогикалық блиц» — жылдам сұрақ-жауап
3️⃣ «Шешімін тап!» — нақты педагогикалық жағдаяттарды шешу
4️⃣ «Бір әдіс – бір нәтиже» — тиімді әдіс ұсынып, нәтижесін дәлелдеу
Командалардың жұмысын қазылар алқасы кәсіби құзыреттілік, шығармашылық көзқарас және ұсынылған әдістердің практикалық маңыздылығы бойынша бағалады.
Іс-шара қатысушыларға кәсіби шабыт сыйлап, жас педагогтер мен тәлімгерлер арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст