25.12.2025
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 17 желтоқсан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында академиялық ұтқырлық бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, білім алушылардың басқа білім беру ұйымдарында оқу ерекшеліктері, оқу мерзімі, бағалау жүйесі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ ата-аналардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасын ұйымдастыру мақсатында арнайы комиссия құрылды. Сонымен қатар ата-аналарға академиялық ұтқырлық аясында серіктес білім беру ұйымдары — М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжі туралы ақпарат берілді.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуға ұсыныс білдірген студенттердің ата-аналарының келісімі негізінде хаттама жасалды. Аталған хаттамаға сәйкес білім алушыларды академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға жіберу туралы тиісті бұйрық шығарылып, құжаттар қолданыстағы заңнама талаптарына сай рәсімделді.