АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ТӘЖІРИБЕ. ШЕБЕРЛІК. НӘТИЖЕ» СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

27.11.2025

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасында
«Жасанды интеллект: Тәжірибе. Шеберлік. Нәтиже» атты семинар-практикум өтті.
Семинардың алғысөзін қатысушыларға бағыт-бағдар беру және шараның мақсат-міндетін айқындау үшін алғашқы сөз колледж директорының міндетін атқарушы Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызына берілді.
Бақытгүл Ерғалиқызы білім беру үдерісінде жасанды интеллекттің рөлі ерекше екенін атап өтіп, болашақ педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған мұндай шаралардың маңыздылығын баса айтты.
Іс-шара барысында педагогика ғылымдарының магистрі, арнайы пәндер оқытушысы Өтепбай Досай Жұмаханұлы жасанды интеллект негізіндегі интерактивті мультимедиалық құралдарды оқу процесіне енгізудің инновациялық әдістерімен бөлісті.
Досай Жұмаханұлы өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, пәндік білімді терең меңгертудің жаңа жолдарын ұсынды.
Көкшетау қаласының №16 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Әйкен Гүлжан «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытуда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігін түсіндіріп, сабақтағы нақты практикалық тәсілдерді көрсетті.
Ақмола облысы Красный Яр ауылының №2 мектебінің мұғалімі Атай Сабыржан Құрманұлы генеративті жасанды интеллекттің қазіргі қоғамға әсері мен болашақ тенденциялары туралы мазмұнды баяндама жасады.
Сабыржан Құрманұлы ЖИ-дің даму қарқыны, оның адам өміріне ықпалы және қауіпсіз қолдану мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің физика пәнінің оқытушысы Сулейменова Диляра Абылайхановна физика сабақтарына түрлі цифрлық платформаларды кіріктіру тәжірибесін таныстырып, олардың оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудағы рөлін көрсетті.
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ колледжінің математика пәнінің оқытушысы Жалғасбай Меруерт Тлеубайқызы математика сабақтарында жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін жан-жақты талдап, сабаққа енгізудің тиімді үлгілерін ұсынды.
Семинар қорытындысында барлық белсенді қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Просмотров: 206


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст