АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«QAZAQ TIL – LEGACY» ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАРЫ

27.11.2025

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Qazaq til – legacy» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қазіргі жай-күйін талқылау, оның қолдану аясын кеңейту, қоғамдағы рөлін арттыру, сондай-ақ қатысушылардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салу болды. Шара пікірталас форматында жүзеге асты.
Аталмыш семинарға директордың орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы, сондай-ақ қазақ филологиясы мамандығының ФБ-41 және ФБ-42 топтарының студенттері қатысты.
Семинар барысында Ілияс Данагүл Нұртайқызы және белсенділігімен ерекшеленген студенттер Доскенова Арайлым, Маратбек Азамат және Әлмағанбетова Меруерт аталып, оларға алғыс хаттар мен 50 000 теңгелік сертификаттар табысталды.
Сонымен қатар, шара барысында қатысушылар мемлекеттік тілдің дамуына ықпал ету, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, тілдік орта қалыптастыруға қатысты сұрақтар төңірегінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.
Семинар қатысушыларға тәжірибе бөлісуге, жаңа идеялар мен ойларды талқылауға, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

#QazaqTilLegacy #АқмолаОблысы #МемлекеттікТіл #ҚазақТілі #ТілСаясаты #ЖастарБастамасы

Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст