АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ҰЛЫЛАР ІЗІМЕН» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ

10.11.2025

2025 жылдың 10 қараша күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Тіл және әдебиет кафедрасы» апталығы аясында І курс студенттері арасында «Ұлылар ізімен» атты интеллектуалды сайыс өтті. Бұл сайыс – білім мен парасаттың, ізденіс пен ойдың, тіл мен әдебиетке деген сүйіспеншіліктің бәсекесі болды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің танымдық қабілеттерін арттыру, қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығын одан әрі дамыту, рухани құндылықтар мен ұлт мұрасына құрмет сезімін қалыптастыру болды.
Шараның ашылуында жүргізушілер сайыстың мәні мен маңызын таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазылар алқасының құрамында қазақ тілі пәнінің оқытушысы, тіл және әдебиет кафедрасының жетекшісі Бердімұрат Жәнібек және қазақ тілі пәнінің оқытушысы Айсара Қожабекқызы болды.
Интеллектуалды сайыс алты кезеңнен тұрды:
1️⃣ Қазақ тілі
2️⃣ Қазақ әдебиеті
3️⃣ Фонетика
4️⃣ Сәйкестендіру
5️⃣ Алаш идеясы
6️⃣ Еркін тақырып

Әр кезеңде қатысушылар қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беріп, өз білімдерін сынады. Дұрыс жауаптар 10 ұпаймен, жартылай жауаптар 5 ұпаймен бағаланды.
Білім додасында студенттер Абайдың “Ескендір”, “Масғұт” поэмалары, Жүсіпбек Аймауытовтың “Ақбілек” романы, Әбіш Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры”, Мұхтар Мағауиннің “Шақан шері” шығармалары бойынша білімдерін, ой өрістерін және шығармашылық қабілеттерін танытты. Сондай-ақ, фонетика, сәйкестендіру, Алаш идеясы мен еркін тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, студенттер өздерінің зияткерлік шеберліктерін көрсетті.
Іс-шара соңында қазылар алқасы нәтижелерді қорытындылап, қатысушыларды марапаттады. Апталық студенттердің тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын арттырумен қатар, ұлттың рухани мұрасын насихаттауға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған маңызды бастама болды.

Просмотров: 133


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст