29.10.2025
2025 жылдың 29 қазанында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде практика бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері мен Шетел тілі кафедрасының оқытушыларының қатысуымен №302 «GlobaLink» құзыреттілік алаңында «Ағылшын тілін оқытуда цифрлық білім беру ресурстары және Google Workspace құралдары» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағатының мақсаты – Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдерін, колледждің педагог мамандары мен студенттерін интерактивті платформаларды тиімді пайдалануға үйрету, сондай-ақ білім алушылардың тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық құралдармен таныстыру.
Іс-шараға Көкшетау қаласындағы жалпы орта мектептердің ағылшын тілі мұғалімдері, Шетел тілі кафедрасының оқытушылары және ағылшын тілі бөлімінің IV курс студенттері белсене қатысты.
Шеберлік сағаты барысында келесі тақырыптар қамтылды:
Google Workspace құралдарының (Docs, Slides, Forms, Maps) ағылшын тілі сабақтарында тиімді қолданылуы;
Цифрлық білім беру платформаларының мүмкіндіктері: JeopardyLabs, Diffit, LessonUp, Quizalize, WordArt, Genially;
Интерактивті платформалар арқылы оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру (Creative Sparks);
Геймификация элементтері: Wordwall, Quizlet, Layout қолдану тәжірибесі;
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің ағылшын тілі сабақтарындағы тиімділігі;
№1, №17 мектеп-гимназиялары мен IT мектебінің ағылшын тілі мұғалімдерінің тәжірибелік жұмыстары ұсынылды.
Шеберлік сағаты ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби тәжірибе алмасу алаңы ретінде қызмет етті. Іс-шара жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында тәжірибе бөлісу және колледж бен мектеп арасындағы кәсіби серіктестік нығая түсті.
Шеберлік сағатына қатысқан студенттер мен оқытушыларға сертификаттар табысталды.