Текст
23.10.2025
2025 жылдың 23 қазанында «Достар» мәдениет сарайында Республика күніне арналған «Елім менің» атты қалалық патриоттық әндер байқауы өтті. Байқауға Көкшетау қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өздерінің өнерін паш етті. Әрбір қатысушының өнері мазмұнының тереңдігімен, орындау шынайылығымен және патриоттық рухымен ерекшеленді. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Наркескен» ер балалары тобы байқауға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бұл жеңіс – колледжіміздің өнерге, елге деген сүйіспеншілігінің, жігіттердің намысы мен рухының айғағы. Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс пен жаңа биіктерді бағындыру жолында сәттілік тілейміз!