24.10.2025
2025 жылдың 23 қазан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Филология бөлімінің ФБ-11 тобы және топ жетекшісі Капарова Молдир Есенгельдиновна студенттердің бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды дарыту, мәдени талғамын қалыптастыру мақсатында Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрына барып, «Келинка» қойылымын тамашалап қайтты.
Қойылымның мазмұны терең, тәрбиелік және танымдық мәні зор болды. Студенттер спектакль барысында қазақ отбасының құндылықтары, ана мен келін арасындағы сыйластық, отбасы бірлігі мен әдептілік, қоғамдағы әйел рөлі сияқты тақырыптар төңірегінде әсерлі ой түйді.
Театр – рухани байлықтың, мәдени тәрбиенің қайнар көзі. Осындай мәдени іс-шаралар студенттердің эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық дәстүр мен адамгершілік қасиеттерді бағалауға тәрбиелейді.
#ТәрбиеліЖастар #ЖМусинКолледжі #РуханиҚұндылықтар #МәдениТәрбие