АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«АДАЛ АЗАМАТ. КӘСІПТІК БІЛІМ. ТАБЫСТЫ МАМАН» КӘСІБИ БАҒДАР АЛАҢЫ

22.10.2025

2025 жылдың 21 қазан күні Көкшетау қаласының Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінде «Адал азамат. Кәсіптік білім. Табысты маман» кәсіби бағдар алаңы құрылды. Негізгі мақсат – «Жұмысшы мамандықтар жылы» білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу, «Еңбегі адал жас өрен» жобасын жүзеге асыру. Қала мектептерінің оқушылары қатысқан маңызды іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары да қатысты. Атап айтсақ, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің меңгерушісі Мұқышева Нұргүл Серікқызы, «Информатика» бөлімінің оқытушысы Жәнібеков Маралбек Батырбекұлы және «Филология» бөлімінің меңгерушісі Қайыржан Тілек Сағындыққызы мектеп білім алушыларына толық ақпарат беріп, таратпалы материалдар ұсынды. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар табыс етілді.

Просмотров: 133


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст