2025 жылдың 3 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік концерт барысында колледждің шығармашылық ұжымдары - «Мерей» би ансамблі, «Наркескен» ер балалар хоры, «Шабыт» домбырашылар ансамблі, «Ақ қауырсын» поэзия клубы, «Қайнар» квинтеті және «Самғау» біріккен хоры тыңдарман қауымға мазмұнды бағдарламаларын ұсынып, әсерлі өнер көрсетті.
Ал «JasOrda» жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері мен «Айшуақ» педагогикалық жасағының креативке толы ерекше құттықтаулары мен шынайы ілтипаттары ұстаздарға деген құрметтің тағы бір жарқын көрінісіне айналды. Олар мерекенің әр сәтін мазмұнды әрі көңілді етуге атсалысты.
Іс-шара барысында колледж директоры құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар оқытушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелік кеш ұстаздар қауымына шабыт пен қуаныш сыйлап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін тағы бір мәрте айшықтады.