Текст
2025 жылғы 25 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің №1 студенттер үйінде студенттер арасында оқу-білімге арналған іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында студенттер №1 студенттер үйіндегі кітапханаға барып, күнделікті сабақтарына дайындалды. Әркім жеке тақырыптар бойынша ізденіс жасап қана қоймай, өз ойларымен бөлісіп, талқылаулар жүргізді. Сабақ барысында алынған негізгі материалдар бойынша пікір алмасу ұйымдастырылып, күрделі сұрақтарға бірлесіп жауап іздестірілді.