АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ҮЗДІКСІЗ ПРОЦЕСС.

23.09.2025

Бастауыш білім беру бөлімінің 4-курс студенттері теория мен практиканы ұштастырып, тәжірибе жинақтау, кәсіби біліктілігін жетілдіру бағытында 2025 жылдың 08 қыркүйек-26 қыркүйек аралығында жалпы білім беретін мектептерде байқау практикасынан өтуде. Практика барысында студенттер өздеріне бекітілген сыныптарда сабақ беріп, оқушылармен, бастауыш сынып мұғалімдерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, командада жұмыс істеу, уақытты басқару, цифрлық сауаттылықты дамыту бағытында тәжірибе жинақтауда. 19 қыркүйек күні директордың практика жұмысы жөніндегі орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы практикада жүрген студенттермен тәжірибе бөлісіп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында мектептерді аралап, С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-гимназиясы, 4А сыныбының Бейнелеу өнері сабағына қатысты. Сабақ тақырыбы: Графика. Қазақстан табиғаты. Сабақ беруші студент-практиканттар: Төлеутай Анель мен Оразбаева Жасмин. Сабақта қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар жасатып, сабақ тақырыбын айқындау мақсатында жұмбақтар жасырып, графикалық суреттер салу жолдарын көрсетті. Төртінші сынып оқушылары ерекше қызығушылықпен Қазақстан табиғатын бейнелеп берді. Сабақ соңында «Кәмпит автоматы» әдісі арқылы сабаққа рефлексия жасалды. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақтың жоғары деңгейде өтіп, сабақ мақсатына жетуі – студент-практиканттардың болашақ педагог ретінде шыңдалуының бір көрінісі.

Просмотров: 182


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст