АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

18.09.2025

2025 жылдың 16 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына келді. Бұл маңызды кездесуге қоғам мен елдің дамуына өз үлесін қосып жүрген қоғамдық көшбасшылар қатысты.
Ж. Мусин атындағы Жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің жас маманы, «Ассамблея Жастары» РҚБ төрағасы және Ақмола пікірсайыс-дебат федерациясының бас ұлттық төрешісі Беген Сырым Серікұлы да Президентпен өткен кездесуге қатысып, жастардың дамуына бағытталған бастамаларды таныстырды.
Аталған кездесу өңір жастарының белсенділігін арттырып, жаңа серпін берді. Колледж ұстаздарының осындай деңгейдегі іс-шараларға қатысуы — білім мен тәрбие саласындағы көшбасшылықтың айқын көрінісі.

Просмотров: 265


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст