АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ОТБАСЫМ – БАҚЫТ МЕКЕНІМ»

14.09.2025
2025 жылдың 14 қыркүйек күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің №2 Студенттер үйінде тәрбиеші Айгүл Ислямқызының ұйымдастыруымен «Отбасым – бақыт мекенім» атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында студенттер әсем әндер шырқап, жүрекке жылы өлеңдер оқыды, ұлттық би өнерін паш етіп, түрлі сахналық қойылымдар қойды. Әсіресе әке-шеше, ата-әже, балаға арналған әндер көрерменнің көңілінен шықты. Шараға қатысқан қонақтар отбасының қоғамдағы орны мен бірліктің маңызы туралы әсерлі ой-пікірлерімен бөлісті.
Кеш соңында барша қатысушылар бірлесіп «Бір үйдің баласындай» әнін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Отбасым – бақыт мекенім» атты іс-шара студенттердің өнерін шыңдап қана қоймай, көрермендерге өнегелі ой мен рухани әсер қалдырған тағылымды кеш болды.
Просмотров: 12


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст