11.09.2025
2025 жылдың 11 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде үйірме-секциялардың жәрмеңкесі өтті. Аталмыш іс-шара студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануына орай ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында колледжде жұмыс істейтін түрлі бағыттағы үйірмелер мен спорттық секциялар таныстырылып, студенттерге өз қалаулары бойынша тіркелу мүмкіндігі ұсынылды. Жалпы колледжде 30 жуық үйірме-секция жұмыс жасайды. Оған спорттық секциялар, саяси-интеллектуалдық, әскери-патриоттық және шығармашылық өнер ұжымдары кіріктірілген. Әр үйірме-секция өзінің жеткен жетістіктерін, қатысқан байқаулар мен жүлделі орындарын, дипломдары мен марапаттарын көпшілік назарына ұсынды. Бұл жетістіктер студенттердің қызығушылығын арттырып, көптеген жасөспірімдердің жаңа үйірмелерге жазылуға ынталануына себеп болды. Жеке қабілеттерді дамытуды мақсат еткен, колледж абыройын асқақтатуға, ел болашағына өз үлесін қосқысы келетін дарындылар жәрмеңкеден табылды.