Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Филология» бөлімі ФБ-41 тобының студенті Ермеков Ислам Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданына қарасты Талшық орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Кәсіби бағдар беру барысында 9-11 сынып оқушыларына колледж жайлы бейнематериалдар көрсетіліп, таратпа ақпараттық материалдар таратылды. Кәсіби бағдар бағытындағы іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандығын таңдауға ықпал ететіні анық.