АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«YOUNG PROGRAMMER» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ

26.02.2025

Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Информатика» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп оқушылары арасында «Young programmer» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: компьютерлік технологиялар арқылы оқушыларды зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық дамуына жағдай жасау. Байқау қорытындысына сәйкес «Презентация» номинациясы бойынша І орынды Иманбаева Айханым, ІІ орынды Жамалиева Дильнаш пен Сабдина Аяулым, ІІІ орынды Ықылас Аружан, Махмет Алаш және Дәулетбекқызы Зиба еншіледі. «Робототехника» номинациясы бойынша І орынға Абай атындағы №3 мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының «Дарын» командасы, ІІ орынға №12 ЖОББМ мектебінің «Forever» командасы,  ІІІ орынға Техникалық мектеп-лицейінің командасы ие болды. «Компьютерлік графика» номинациясы бойынша І орынды Әзірет Әли, ІІ орынды Эльбрусов Сұңғат және ІІІ орынды Қанат Мерей иеленді. Сонымен қатар «Бағдарламалау» номинациясы бойынша І орынды Ибрагим Әли, ІІ орынды Исина Ажар, ІІІ орынды Қозыбек Әділ қанжығаласа, «Мобилография» номинациясы бойынша І орынға Мереке Жантөре, ІІ орынға Маратова Жансая, Әбдрайым Әлайдар және Балтабаев Арсен, ал жүлделі ІІІ орынға Акымбаева Адема, Бастова Дильнара, Қуанышбек Мирас пен Ғабдолла Аружан ие болды.
Мектеп оқушыларының осындай ауқымды іс-шараға тыңғылықты дайындалып келгені, байқау сапасының жоғары дәрежеде екенін көрсетті.

Просмотров: 349


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст