Текст
2025 жылдың 12-14 ақпан күндері аралығында Сандықтау ауданындағы «Жас Дәурен» лагерінде өткен облыстық экологиялық олимпиадасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Эко-Land» клубының мүшелері – «Бастауыш мектеп» бөлімінің ІІ курс студенті Уайс Нұргүл «Жасыл клуб: болашаққа көзқарас» номинациясы бойынша жүлделі І орынға, «Филология» бөлімінің ІІ курс студенті Жағұпар Даниал «Инновациялық экологиялық бизнес-идеялар» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Сапабекова Диана Оралқызы. Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын!