Текст
2025 жылдың 4 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Педагогика және психология кафедрасы апталығы аясында II- III курс студенттері арасында «Бастауыш сыныптарда сергіту сәтін ұйымдастырудың тиімділігі» атты шеберлік сағаты өтті. Жетекшісі: Асқар Әсем Талғатқызы.
Мақсаты - сергіту жаттығулары арқылы оқушылардың дене белсенділігін дамыту, қозғалыс пен ойын элементтері арқылы оқу материалын жақсы меңгеруге ықпал ету.
Шеберлік сағатына БМ-31, БМ-22ҚБ, БМ-32Қб топтарының студенттері қатысты. Сергіту сәті БМ-11, МД-11, А-11, ФБ-12, ФБ-21, Л-21ҚБ, И-22ҚБ, Л-31ҚБ топтарында ұйымдастырылып, бағалаушы топ ретінде аталған топтар алынды.
Жеңімпаздар апталықтың жабылу салтанатында марапатталады.